Х.Капанов атындағы Орал Халықаралық гимназиясы - Орал қаласының «Московская-Қызылжар» көшесінің қиылысында «Жаңа Орда» жаңа элиталық ауданында жеке жоба бойынша салынған облыстық «мектеп-балабақша» білім беру кешені. Мектепке Оқушылар мен жастар сарайы, Теннис алаңы мен бассейн, Н.Назарбаев атындағы жаңа қалалық алаң, қалалық аурухана және 5-ші емхана жақын орналасқан.Үш қабатты оқу ғимаратында 300 бала үшін бастауыш мектеп, мектепке дейінгі даярлық және балабақша орналасқан. Ғимаратта ауданы 5 мың шаршы метрден асатын сыныптар және 90-100 шаршы метрден асатын балабақша сыныптары, 100 орындық азық-түлік блок пен асхана, заманауи су тазарту және жылыту жүйесі, жаттығу залы, компьютерлік бөлмелер, хореография, ағылшын, шахмат, театр студиясы, акт залы бар. Өзінің аумағында футбол алаңы, алма бақшасы бар. Балаларды дамыту үшін жайлы орта және атмосфера құрылған. 

Толығырақ